







Бұл материал республикалық семинар аясында өткізілген сабақтар мен тәжірибелік жұмыстардың мазмұнын қамтиды. Семинардың негізгі мақсаты – жаратылыстану бағытындағы пәндерде оқушылардың функционалдық және ғылыми сауаттылығын дамыту, сондай-ақ PISA талаптарына сай білім беру тәсілдерін енгізу.
Семинар барысында:
-
жаратылыстану пәндерінде тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру,
-
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру,
-
пәндер арасындағы байланысты күшейту,
-
білімді өмірмен ұштастыру жолдары қарастырылды.
Бағдарлама аясында келесі тақырыптар бойынша интеграцияланған ашық сабақтар өткізілді:
-
Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қызметі
-
Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттері
-
Макроэлементтер мен микроэлементтердің организм тіршілігіндегі маңызы
-
PISA тапсырмаларын математика сабағында деңгейлеп қолдану
Сабақтарда 5E оқыту моделі, тәжірибелік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары және PISA форматындағы тапсырмалар қолданылып, оқушылардың:
-
логикалық ойлауын,
-
ғылыми талдау жасау қабілетін,
-
функционалдық сауаттылығын дамытуға басымдық берілді.
Бұл материал мұғалімдерге, әдіскерлерге және білім беру ұйымдарына тәжірибе алмасу, сабақ сапасын арттыру және халықаралық бағалау жүйесіне дайындық жүргізу үшін арналған.


