top of page

2024-2025 оқу жылы 
PISA құзыреттілігін қалыптастыру арқылы білім алушылардың ғылыми сауаттылығын арттыру бойынша атқарылған жұмыстардың  
ЕСЕБІ 

Алматы қаласының математика, информатика және жаратылыстану ғылымдары пәндерінен сабақ беретін жетекші мұғалімдер 2024 жылдың 7-17 қыркүйек аралығында функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша халықаралық зерттеулерден үздік саналатын Сингапур мемлекетінде шетелдік тағылымдамадан өтіп келдік.

Screenshot 2025-12-26 at 2.00.57 AM.png

Сингапур мемлекетінен келгеннен кейін тренерлік жұмысымды бастадым. Қалалық және аудандық семинарлар өткіздім. 2024-2025 оқу жылында мектеп-гимназия басшысының басшылығымен білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында зерттеу тобы құрылды. Зерттеу тобының құрамына оқу сауатылығы бағыты бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Торехан Бағдаулет, математикалық сауаттылық бағыты бойынша математика пәні мұғалімі Момынкулова Таншолпан және жаратылыстану сауаттылығы бойынша Толекова Динара Далелханова тағайындалды. 2024 жылдың 14-18 қазан аралығында Алатау ауданы №180 мектеп-гимназияның жаратылыстану бірлестігіне семинар өткізілді. Семинарға биология пәні бойынша 3 мұғалім, химия пәні бойынша 2 мұғалім, физика пәні бойынша 3 мұғалім және география пәні бойынша 2 мұғалім қатысты. Жаратылыстану пән мұғалімдеріне PISA құзыреттілігін қалыптастыру арқылы оқушылардың ғылыми сауаттылығын арттыру тақырыбында семинар өткізілді.

Screenshot 2025-12-26 at 2.05.14 AM.png

2024 жылдың 21 қазан күні 8-9 сынып оқушыларына «PISA – халықаралық зерттеу бағдарламасы 2024-2025 оқу жылы» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында PISA зерттеу бағдарламасының ережелері мен өткізу тәртібі таныстырылып, білім алушылармен бірге тапсырмалар талқыланып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Ссылка:https://www.instagram.com/reel/DBZFVGRqo6D/?igsh=MXNtNGJrZmk1bXc1Ng

Screenshot 2025-12-26 at 2.07.43 AM.png

2025 жылдың 29 қазан күні «Оқушылардың ғылыми-жаратылыс сауттылығы мен креативті ойлауын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері» тақырыбында мектеп-гимназиямыздың 8-9 сыныптарына қазақ тілі, математика және жараталыстану пәндері бойынша сабақ беретін пән мұғалімдеріне мектепішілік семинар өткізілді. Мақсаты: PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. 2024 жылдың 31 қазан күні «PISA тапсырмалары арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдірудің тиімді жолдары» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесте «PISA құзыреттілігін қалыптастыру арқылы білім алушылардың ғылыми сауаттылығын арттыру» тақырыбында зерттеу тобының мүшелері сөз алды. Ссылка:https://www.instagram.com/reel/DB0JTFRs0PQ/?igsh=cXZhNmM3aGdxdHVi

Screenshot 2025-12-26 at 2.09.10 AM.png

2024 жылдың 01 қараша күні Алматы қаласы «М.Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қала мектептерінің география пән мұғалімдеріне «PISA құзыреттілігін қалыптастыру арқылы оқушылардың ғылыми сауаттылығын арттыру» тақырыбында семинар өткізілді. Қалалық семинарға 30 география пән мұғалімі қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті. Семинарда 5 Е моделі бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары құрастырылды. География пән мұғалімдері GRASPS стратегиясына қызығушылық танытты. Осы стратегия бойынша география пәні бойынша тапсырмалар құрастырып, топта талқыланды.

Screenshot 2025-12-26 at 2.10.00 AM.png

2024 жылдың 18 қараша күні «Халықаралық зерттеулерге сәтті дайындалудың бес факторы» тақырыбында директордың оқу ісі орынбасарларымен семинар өткізілді. Семинар №180 мектеп-гимназияда өтті. Семинарға Алатау ауданы білім бөлімінің әдіскері Адамбекова Рита Омаровна қатысты. Ссылка:https://www.instagram.com/reel/DChNTz4oLxu/?igsh=MWFldTVucGF6b3o5Mg==

2024 жылдың 26 қараша күні Алатау ауданының білім беру ұйымының басшыларына «PISA халықаралық зерттеуінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда жаһандық құзыреттіліктерді дамыту» тақырыбында аудандық семинар өткіздім. Семинарымыздың негізгі мақсаты: PISA құзыреттілігін қалыптастыруда заманауи инновациялық білім беру трендтерін оқу процесінде тиімді пайдалану. Ссылка:https://www.instagram.com/reel/DC1buLzIp3W/?igsh=MWFwdzI4YW8wbDIxeQ

Screenshot 2025-12-26 at 2.12.10 AM.png

2024 жылдың 05 желтоқсан күні «Білім алушылардың жаратылыстану - ғылыми сауаттылық құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында аудан мектептерінің мұғалімдеріне семинар өткізілді. Мақсаты: PISA құзыреттілігін қалыптастыруда заманауи инновациялық білім беру трендтерін оқу процесінде тиімді пайдалану. Семинарда аудан мектеп басшыларына PISA -2025 бағдарламасының ерекшеліктері және Сингапурдағы ғылыми оқу бағдарламасының құрылымы таныстырылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда мен өз сабақтарымда қолдана бастаған стратегиялармен таныстырдым. Стратегияның бірі - G.R.A.S.P.S. - тәжірибелік тапсырмаларын құрастыру, 5Е Ғылыми ізденіс моделі туралы жан-жақты ақпараттар берілді. Зерттеу тобының мүшелері: Момынкулова Т., Толекова Д.Д. білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстырды. Ссылка:https://www.instagram.com/reel/DDMuHddtrnx/?igsh=MXh4NTliMXE5anQyeg==

Screenshot 2025-12-26 at 2.12.54 AM.png

2025 жылдың 15 қаңтар күні "Озат тәжірибе" шығармашылық тобының жоспары негізінде "PISA тапсырмаларын кіріктіру тәжірибесінде пайдаланудың тиімділігі" тақырыбында 9 сынып оқушыларымен кіріктірілген ашық сабақ және ұстаздармен коучинг-сабақ өткізілді. Мақсаты: PISA тапсырмаларын сабаққа кіріктіру тәжірибесінде G.R.A.S.P.S пен 5 E модель стратегияларын тиімді қолдану.. Ссылка:https://www.instagram.com/p/DE3zXfCI84/?igsh=MXYxc3Q4bHh4emhxZg==

Screenshot 2025-12-26 at 2.13.30 AM.png
Screenshot 2025-12-26 at 2.13.51 AM.png

2024 жылдың желтоқсан айында оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша PISA тапсырмалары құрастырылды. Онлайн тестілеу платформасында тапсырмалар үлгісі білім алушыларға ұсынылды. Мектепке арналған онлайн тренажер арқылы көптеген мектептер PISA-ға дайындық жасап, білім алушылардың білім деңгейін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мүмкіндігіне ие болды. Құрастырылған дайын тапсырмаларды мектеп-гимназиямыздың биология және география сабақтарының пән мұғалімдері өз сабақтарында тиімді қолданды. Мен география пәнінен сабақ беретін 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушыларына 2 тоқсаннан бастап PISA тапсырмаларын өз сабақтарымда қолдана бастадым. Білім алушыларда осы тапсырмалармен жұмыс істей бастағанда аздап қиындықтар болды. Мәтінді толық оқымау, сұраққа дұрыс назармау және т.б қиындықтар кездесті. Кейін келе, білім алушылар тапсырмаларды орындауда қызығушылық таныта бастады. Сабақ беретін сынып оқушыларының білім сапасы жоғарылай бастады. 9 « Ә» сыныбы география пәнінен І тоқсанда 44 % көрсеткіш көрсетті. 9 «Ә» сыныбанда ғылыми сауаттылық тапсырмаларын қолдану негізінде ІІІ-IV тоқсанда сыныптың білім сапасы 68 % -ға жетті.

Screenshot 2025-12-26 at 2.15.55 AM.png

2025 жылдың мамыр айында «Жаратылыстану пәндері сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында жинақ дайындалды. Жинақта химия, география, биология және физика пәндері бойынша Алматы қаласының ұстаздарының құрастырған тапсырмалары ұсынылған. 2025 жылдың маусым-шілде айларында жаратылыстану пәндері бойынша сабақ беретін пән мұғалімдеріне беріледі.

2025 жылдың 20 мамыр күні «PISA құзыреттерін қалыптастыру арқылы ғылыми сауаттылықты арттыру» бағдарламасын сәтті аяқтағаны үшін « Тренер – оқытушы» сертификаты берілді.

Screenshot 2025-12-26 at 2.16.49 AM.png

Келесі оқу жылынан бастап әр пән мұғалімі өз сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін құрастырылған дайын тапсырмаларды және онлайн тренажерді қолдануы тиіс. Білім алушыларды кез-келген қиындықтарды өзі шеше алатын, әлемге ашық топта жұмыс істей алатын көшбасшылар ретінде тәрбиелеуіміз қажет. Пән мұғалімдері өз сабақтарында GRASPS, WHERE TO, 5 Е моделі және т.б. тиімді стратегияларды қолдану қажет. Сонымен қатар, мұғалімдер арасында өзара тәжірибе алмасу мақсатанда мектепішілік, аудан және қала көлемінде семинарлар ұйымдастыру жоспарлануда.

Screenshot 2025-12-26 at 2.20.45 AM.png
1.Список тренеров школ
Screenshot 2025-12-26 at 2.56.36 AM.png
2.Количества учителей прошедших обучение
Screenshot 2025-12-26 at 2.57.36 AM.png
3. Список педагогов прошедших обучение

1. Жетыбаева Роза Сергазыевна

2. Шалабай Асия Смадиярқызы

3. Махаббат Ершат

4. Балакойшиева Карагоз Рысбаевна

5. Жетписбаева Айгуль Жетписбаевна

6. Муканова Мирамгуль Амирхановна

7. Налыхан Назерке Сапарханқызы

8. Омарова Рузанна Иманбердиевна

9. Сеитова Жансауле Даулетовна

10. Толекова Динара Далелхановна

4.Анкета

1. Күні / Дата 16.10.2024

2. Қатысушының аты-жөні / Имя участника Жетыбаева Роза Сергазыевна

3. Мектептің атауы / название школа №180 школа-гимназия

4. Сәйкес дөңгелекті таңдаңыз / Пожалуйста, выберите подходящий круг

Screenshot 2025-12-26 at 3.02.11 AM.png

Мен бұл семинарды әріптестеріме ұсынамын/ Я порекомендую этот семинар своим коллегам

 

Иа/да

Оқыту семинары туралы пікірлер мен бағалаулар/ Комментарии и отзывы о семинаре Семинар каскадты түрде өткізілді. Барлығы түсінікті болды. Тапсырмаларды бірге талдадық. Жаңа ақпараттармен таныстық.

5. Аналитикалық талдау
Screenshot 2025-12-26 at 3.07.53 AM.png
6.Рефлексия

2024 жылдың 14-18 қазан аралығында Алатау ауданы №180 мектеп-гимнзаияның жаратылыстану бірлестігіне семинар өткізілді. Семинарға биология пәні бойынша 3 мұғалім, химия пәні бойынша 2 мұғалім, физика пәні бойынша 3 мұғалім және география пәні бойынша 2 мұғалім қатысты. Жаратылыстану пән мұғалімдеріне PISA құзыреттілігін қалыптастыру арқылы оқушылардың ғылыми сауаттылығын арттыру тақырыбында семинар өткізілді.

Screenshot 2025-12-26 at 3.11.45 AM.png
Screenshot 2025-12-26 at 3.12.10 AM.png
Программаучебных семинаров по каскадному обучениюучителей естественной грамотностидата проведения 14.10-2024-18.10.2024
Screenshot 2025-12-26 at 3.13.12 AM.png
Screenshot 2025-12-26 at 11.41.05 AM.png
Алматы қаласы ​Алатау ауданы ​
№180 мектеп-гимназия​
География пәні мұғалімі​

Оналбаева ​Ляззат ​Болаткановна

Мектеп мұғалімдеріне семинар​ (14.10-18.10.2024ж)
Қалалық семинар​ (01.11.2024ж)​
Алатау ауданының білім беру ұйымының басшыларына семинар​ (26.11.2024ж)
Аудан мектептерінің мұғалімдеріне ​арналған семинар ( 05.12.2024)​
Screenshot 2025-12-26 at 11.55.56 AM.png
Screenshot 2025-12-26 at 11.57.39 AM.png
Мектеп мұғалімдерімен жұмыс
Мектеп мұғалімдерімен жұмыс ​
Screenshot 2025-12-26 at 12.10.01 PM.png
Screenshot 2025-12-26 at 12.10.51 PM.png
bottom of page