
Зерттеу бағыттары
PISA тек білімді ғана емес, табысты өмір үшін маңызды дағдыларды да бағалайды: сыни тұрғыдан ойлау, проблемаларды шешу, коммуникация;
Оқушылардың білімін бағалау
PISA нәтижелері білім беру жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын түсінуге көмектеседі, жақсартуға болатын бағыттарды көрсетеді.
Білім жүйесін талдау
Басқа елдермен салыстыру Қазақстандағы білім деңгейін халықаралық контексте бағалауға, күшті және әлсіз жақтарын көруге мүмкіндік береді.
Басқа мемлекеттермен салыстыру
PISA халықаралық зерттеу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері
PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады.
Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асады:
1. Оқу сауаттылығы
2. Математикалық сауаттылық
3. Жаратылыстану сауаттылығы
Зерттеу құралдарына мыналар кіреді:
· Тест тапсырмалары бар буклеттер;
· Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған сауалнамалар;
· Білім беру ұйымдарының басшылығына арналған сауалнамалар;
· Тест және сауалнаманы жүргізушіге арналған нұсқаулық;
· Білім беру ұйымының үйлестірушісіне арналған нұсқаулық;
· Тест тапсырмаларын бағалау, мәліметтерді енгізу және өңдеу бойынша нұсқаулықтар.