
PISA зерттеуі деп тұрған бөлімге - PISA (Programme for International Student Assessment) - Білім алушылардың жетістігін халықаралық бағалау бағдарламасы
PISA бағдарламасының мақсаты - оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шешу біліктіліктерін бағалау.
Жобаның үйлестірушісі: Экономикалық Ынтымақтастық және Даму ұйымы (ЭЫДҰ)
PISA зерттеуі функционалдық сауаттылығын бағалайды: әртүрлі өмірлік жағдайларда білімді тиімді пайдалану, логикалық ойлау және негізгі қорытынды жасау, ақпараттық кестелер мен диаграмаларды және т.б. қолдану қабілеті.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
PISA зерттеуі 2000 жылы басталып, үш жылдық кезеңмен өткізіледі. Бұл қатысушы-елдерге оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі өзгерістерді бақылауға, жүргізілген реформалардың әсерін анықтауға мүмкіндік береді.
