
Контекст
Контексттер - мектепте оқытылатын ғылымға қатысты контексттермен шектелмейді. Қайта олар 15 жастағы оқушылар алған және оқушылардың қызығушылықтары мен өміріне сәйкес келетін білім мен түсінікке байланысты таңдалады.Тест тапсырмалары келесі констексттер төңірегінде құрастырылады.
1. ЖЕКЕ, отбасы мен құрдастары
2. Қауымдастық (жергілікті және ұлттық деңгейде)
3. Бүкіл әлемдегі өмір (жаһандық)
Негізінен бағалау элементтері үшін контексттер ретінде пайдаланылатын жеке, жергілікті, ұлттық және жаһандық жағдайларда ғылым мен техниканың қолданылуына мыналар жатады:
• Денсаулық және ауру
• Табиғи ресурстар
• Қоршаған ортаның сапасы (қоршаған ортаға әсер етумен климаттың өзгеруін қоса алғанда)
• Қауіптер
• Ғылым мен техниканың тоғысуы (заманауи жетістіктер мен сын-қатерлерді қоса алғанда)
