top of page

     Математикалық сауаттылық – ол  математикалық ойлаудан және құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжау үшін математикалық тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан тұрады.      

     PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар сонымен бірге, оқушыларға математиканың олардың өмiрiнде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседi. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын және басқа да математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады.                 Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабiлеттiлiктері жатады:

  • қоршаған ақиқат ортада пайда болатын және математика арқылы шешiле алатын мәселелерді тани білу

  • бұл мәселелерді математика тiлiнде құрастыру

  • бұл мәселелердi математикалық айғақтар мен әдiстерді қолдана отырып шешу

  • шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдау

  • қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсiндiру

  • шешiмдердің нәтижелерiн құрастырып жазу.

bottom of page